layout
Нұр Мұқасан - Махаббат деген қандайды
Слушать
159
Трек

Махаббат деген қандайды

Нұр Мұқасан
Исполнители:
Нұр Мұқасан
Текст песни 
Текст песни: Махаббат деген қандай-ды,

Қарасаң көзің талмайды.

Сағынған жанға жете алмай,

Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды.

Қайырмасы:

Ғашықсыз өмір – өмір ме,

Егілме, жаным, егілме.

Көктегі күнге қол созған,

Не дерсің мынау,

Не дерсің мынау көңілге.

Күлерсің-дағы жыларсың,

Жыларсың-дағы шыдарсың.

Жазылмас дерттің дауасын

Жаным-ау, кімнен,

Жаным-ау кімнен сұрарсың.

Махаббат – өмір ғажабы,

Алқызыл гүлдей ажары.

Сүйемін жеген жалғыз сөз

Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.

Қайырмасы:

Махаббат – мәңгі ертегі,

Көңілдің күйін шертеді.

Ертіп жүрсең, шіркін-ай,

Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені.

Комментарии

Комментариев пока нет
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover