layout
Қуандық Рахым - Мен қазақпын
Слушать
14.1K
Трек

Мен қазақпын

Қуандық Рахым
Исполнители:
Қуандық Рахым
Текст песни 
Текст песни: Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Бұл жалғаннан бақыт таппай өтер ем.
Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда,
Аламанда ат оздырмай кетер ем.

Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Өкінішпен өртенер ем өте мен.
Қасиетті домбыраны қолға алмай,
Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем.

Мен қазақпын, бойымдағы қан - қазақ,
Мен қазақпын, мен шырқайтын ән - қазақ.
Бір қазақтың бақыты мен бағына
Бар жанымен қуанса екен бар қазақ.

Мен қазақпын, түрім - қазақ, тіл - қазақ,
Мен қазақпын, мен айтатын жыр - қазақ.
Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ
Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ.

Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Қалай басқа байрақтарды көтерем?
Жеті бірдей қазынамнан айрылып,
Жеті атамды жаттай алмай кетер ем.

Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Қонақжайлық жайын білмей өтер ем.
Қымыз, шұбат, қазы-қарта, құрт-майсыз
Қадір қашып, қарным ашып өтер ем.

Комментарии

Марат Б 14.04.2023 11:11
Текстті қашан сауатты жазамыз, оу, қазақ? "Қазақ болып тумағанда НЕТЕР ем" - қазақта "НЕТЕР" деген сөз жоқ. Айтуынша (ауызша), әрине, айтыла береді ғой. Бірақ жазбаша "Қазақ болып тумағанда НЕ ЕТЕР ЕМ" (бұл жерде - ЕДІМді қысқартып жазылған) болады. Ән - тамаша патриоттық сезім көтереді. Ол жағынан мін жоқ!!!
Аноним 13.08.2022 20:55
Мен орыс. Но я обожаю эту песню, от нее все в душе поет!!!
Адай Қайрат 15.01.2021 09:34
КЕРЕМЕТ!!!
Аноним 09.01.2021 20:14
Кпааак
Қуандық Рақым 05.01.2021 08:01
Мен қазақпын
Қуандық Рақым 05.01.2021 08:00
Мен қазақпын
Гульмира 16.12.2020 18:39
Супер
Аноним 11.12.2020 16:11
Казак
Симона 02.12.2020 19:55
Керемет әндерің, бірақта сайт ашылмай тур.
Аноним 23.11.2020 06:59
Қазы қарта туралы өлең барма
Показать ещё
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover